07.04.2019, 14:39 12380

GALAMTV порталында танымал шетелдік фильмдер қазақ тілінде ұсынылды

"GALAMTV" интернет телевизия қосымшасында "QAZAQSHA" бөлімі ашылды. Бұл 100 пайыз мемлекттік тілдегі контент.

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - "GALAMTV" интернет телевизия қосымшасында "QAZAQSHA" бөлімі ашылды. Бұл 100 пайыз мемлекттік тілдегі контент. Яғни түрлі жанрлардағы танымал шетелдік фильмдер, әлемге әйгілі классикалық туындылар мен жаңадан шыққан кино кәсіби түрде қазақ тіліне дубляждалған нұсқада ұсынылады. Бұл фильмдерді сұраным бойынша кез келген уақытта көруге болады. Болашақта бейнекаталог үнемі толықтырылып тұрады.

"QAZAQSHA" каталогына "GALAM TV" интернет-порталының бас мәзірінен өтуге болады. Туындыға сұраным бермес бұрын фильмнің түсірілген жылы, елі, сюжеті мен ұзақтығы көрсетілген қысқаша сипаттамамен танысуға болады. 2019 жылдың сәуір айының соңына дейін бұл қызмет GALAM TV-дің барлық пайдаланушыларына тегін көрсетіледі.

"Сұраным бойынша бейне" немесе Video on Demand - бұл медиаконтентті абонентке тікелей жеткізу жүйесі. Бұл қызмет кімге пайдалы болуы мүмкін? Мысалы, сіз қызықты фильм көргіңіз келеді, бірақ қажет контентті жақсы сапада іздеуге уақыт жоғалтқыңыз келмейді. Мұндай жағдайда, VoD сізді жағдайдан шығарады - смартфон немесе компьютерде бірнеше шертуден кейін тиісті бейнеге "үйге дейін" тапсырыс бере аласыз.

Сонымен қатар, GALAM TV қосымшасында 25 қазақстандық телеарна мен 10 радиостанцияны көріп, тыңдауға болады. Атаған қызмет әсіресе шетелдегі қандастарымыздың арасында өте танымал. Осылайша, елден тыс жүрген қазақстандықтар отаны туралы жаңалықтарды жергілікті арналардан ести алады. Портал өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта танымал шетелдңк арналардан тұратын пакет пайда болмақ.

"GALAM TV" ұялы байланыс құралдарында, www.galamtv.kz интернет-порталында және Smart теледидарларда (LG, Panasonic, Samsung және Android операциялық жүйесі бар теледидарлар) қолжетімді. Бүгінгі таңда тіркелген пайдаланушылар саны 250 мыңнан асты, қосымшаны жүктеу саны 200 мыңнан көп. 2019 жылдық ақпан айындағы мәліметтерге сүйенсек, бір аптада орта есеппен қосымшаны 140 мың пайдаланушы қолданған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны