13.04.2007, 10:30 1633

"Гате Иншаат" түрік компаниясы жұмысшыларының жаппай улануына асхананың жұмысшысы себеп болған -телеарна

АЛМАТЫ. 13 сәуір. Kazakhstan Today. "Гате Иншаат" түрік компаниясы жұмысшыларының жаппай улануына сальмонелламен ауыратын асхананың жұмысшысы себеп болған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Тағам бөлімінің жұмысшысынан "сальмонелла энтеритидис" бактериясы табылған. Ол тексеру жүргізілген кезде клиникалық тұрғыдан сау болды",-дейді облыстық мемлекеттік санэпидбақылау департаментінің директоры Өмірзақ Зинуллин. КТК арнасының хабарлауынша, ауру "ACB Catering" фирмасының қызметкері, бұл фирма "Гате Иншаат" компаниясының жұмысшыларын тамақпен қамтамасыз етіп келген.

Алайда телеарнаның ақпаратынша, прокуратура тек фирма жетекшілігі ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның тазалығын қадағалап отырушылар да жазаға тартылатындығын ескертті. "Жүргізіліп жатқан тексерулердің мақсаты компания жетекшілерінің ғана емес, және де мемлекеттік органдардың қаншалықты айыпты болғандығымен айналысады,-деді прокуратурада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны