15.05.2007, 19:02 3021

"GSM Қазақстан" операторы Алматыдағы ұялы байланыс ақауларын кешке жақын жоюға уәде берді

АЛМАТЫ. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. "GSM Қазақстан" операторы Алматыдағы ұялы байланыс ақауларын кешке жақын жоюға уәде берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Фурманов пен Ил Фараби көшелерінің қиылысындағы жол торабын салу ,fhscsyда сым желі үзілген. Қазір ақау шыққан жерде оны қалпына келтіруге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кешкі жетілерut жақын байланыс қалпына келтіріледі",- деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "GSM Қазақстан" абоненттік бөлімінен.

Бұрындары хабарлағанымыздай, бүгін, күннің екінші жартысынан бастап алматылық K'cell және Activ абоненттері ұялы байланыста қиыншылықтарға тап болған. Алғашында "GSM Қазақстан" желіде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр деген болатын. Тек үш сағат өткеннен кейін ғана жоғалған байланыс қалпына келтірілген, бірақ бір сағат өткеннен кейін байланыс тағы да үзілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны