02.05.2007, 17:18 3062

ҒЗИ мамандарының пікірінше, Алматы әкімшілігінде қала құрылысына қатысты айқын жоспар мүлдем жоқ - газет

АЛМАТЫ. 2-мамыр. Kazakhstan Today. Сейсмологиялық бекем құрылыс және сәулет өнері жөніндегі ҒЗИ мамандарының пікірінше, Алматы әкімшілігінде қала құрылысына қатысты айқын жоспар мүлдем жоқ, деп жазады "Газета.kz" апталығы.

Мәселе жол тораптарын салуға қатысты. Осы орайда еске сала кетсек, сәуірдің басында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов биыл салынуы мүмкін 18 жол торабы туралы сөз қозғаған еді. Кейбір жол тораптары туннель түрінде болады деп межеленген.

Алайда, сейсмологиялық бекем құрылыс және сәулет өнері жөніндегі ҒЗИ мамандарының пікірінше, әкімшілік бекіткен жол тораптарының жобасында қателіктер жіберілген, соған байланысты қаладағы басты көшелердегі қозғалыс мүлдем тоқтап қалу мүмкіндігі бар.

Мәселен, сейсмологиялық бекем құрылыс және сәулет өнері жөніндегі ҒЗИ-ның ықшамаудандар, іргетастар және негіздемелер жөніндегі зертханасының жетекшісі Владимир Пустогачевтің пікірінше, Алматы қаласындағы дренаж жүйесі жол тораптарының туннельдерінде жиналатын су тасқынына төтеп бере алмайды. "Осыдан үш жыл бұрын "Меркур" автоорталығының жанындағы жол торабының "бірінші қабатында" жүк көлігі суға батып кеткеннен кейін қаладағы дренаж жүйесінің шынайы сапасы анықталды",- деді маман.

"Демек, қаладағы билікке әл-Фараби даңғылындағы жол торабын пайдалануға бергеннен кейін жылдамдығы үлкен тас жолдардағы су тасқынымен күрестің жайына бас қатыруға тура келмек. Жылдың аяғына таман Алматыда ауқымды көлік магистральдарының орнына, ірі болғанымен, жүруге жарамайтын жолдардың желісі пайда болуы ғажап емес",- деп ескертеді В.Путогачев.

Сейсмологиялық бекем құрылыс жөніндегі ҒЗИ мамандары сонымен бірге жол тораптарын салуға жасалып жатқан дайындықтардың жай-күйіне де алаңдаушылық білдіреді. "Алматыдағы қала құрылысы мен жаңа жолдар тарту жобасына қатысты мәселелермен кәсіби мамандар емес, шенеуніктердің шұғылдану себебі беймәлім. Өз басым іргетас қалау жөніндегі маман ретінде әкімшіліктің бастапқыда кейбір беймәлім компанияларға Фурманов көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысында шұңқырлар қазуға, онда жанармай тарату бекетін салуға мүмкіндік беріп алып, артынан оны жол торабын тарту үшін қайта бұзуының байыбына бара алмаймын",- деп таңданады В.Путогачев. "Соған қарағанда әкімшілікте қала құрылысына қатысты айқын жоспар мүлдем жоқ секілді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны