16.06.2017, 11:35 5855

Халықаралық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынында Қызылорда облысы командасы алғашқы сайыс кезеӊі бойынша алға шықты

Қарағанды облысы "Спасск" оқу-жаттығу орталығында өткізіліп жатқан халықаралық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынында Қызылорда облысы командасы алғашқы сайыс кезеӊі бойынша алға шықты. Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы "Спасск" оқу-жаттығу орталығында өткізіліп жатқан халықаралық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынында Қызылорда облысы командасы алғашқы сайыс кезеӊі бойынша алға шықты. Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

Сайыс 16 кезеӊнен тұрады. Топтық әскерилендірілген кросс бойынша "Айбын" тобы І орынға шықты. Қазалы ауданыныӊ оқушысы Ринат Оӊдасын АК-74 автоматын 1 минут 23 секунд ішінде шашып-құрастырып, І орынды иеленді. Газ тұмылдырығын кию және әскерилендірілген кросстан жеке Қармақшы ауданыныӊ оқушысы Сымбат Изілханова жүлделі орынды иеленді.

Естеріӊізге сала кетейік, "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны дәстүрлі түрде елімізде үшінші рет ұйымдастырылуда. Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығына орай, халықаралық деӊгейде өткізіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны