05.07.2008, 12:01 3015

Халықаралық астаналар ассамблеясының мүшелері алты қалаға көбейді

Халықаралық астаналар ассамблеясының мүшелері алты қалаға көбейді

Астана. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "ХХІ ғасырдың астаналары: сәулет және қала құрылысындағы жаңашылдық пен дәстүр" атты форум барысында Атырау, Ақтау, Самара, Пермь, Грозный және Симферополь қалалары Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясының жаңа мүшелеріне айналды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Осылайша, енді Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясына 52 млн халқы бар 78 қала кіреді. Бұл үлкен күш", - деп түсіндірді дауыс беру нәтижелерін Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясының атқарушы директоры Михаил Соколов.

Бұдан өзге бүгінгі форум барысында Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясының бірінші вице-президенті болып Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов сайланды. Елорданың бұрынғы әкімі, қазіргі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басшысы Асқар Мамин Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясының құрмет грамотасына ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны