18.06.2008, 17:09 2742

Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры Изербайжанға 17,2 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарыз берді

Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры Изербайжанға 17,2 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарыз берді

Алматы. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры Изербайжанға жерді суландыру инфрақұрылымын қалпына келтіруге және елдің солтүстік-батысында өмір сүретін шаруаларға көмек көрсетуге бағытталған жобаны қаржыландыру үшін 17,2 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарыз берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Жаңалықтар орталығының ақпаратына сүйенсек, қарыз беру келісіміне Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының Римдегі штаб-пәтерінде 17 маусымда қол қойылған. БҰҰ баспасөз хатшысы Мишель Монтастың Нью-Йоркте өткен брифингте хабарлағанындай, бұл жоба Изербайжанның солтүстік-батысындағы ауылдық жерлердегі кедейшілік ауқымын қысқартуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры БҰҰ-ның арнайы мекемесі болып табылады. Жұмыс істеген 30 жылында қор әлемнің әртүрлі мемлекеттеріндегі ауылдың 350 млн кедей тұрғынына көмек көрсететін 700-ден астам бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға қарыз бен грант түрінде 10 млрд АҚШ долларынан астам көлемде қаражат ұсынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны