28.02.2012, 10:39 5482

Халықтың компьютерлік сауаттылығы 2012 жылы 50 пайызға жеткізіледі

"Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылық деңгейі қазір 43,7 пайызды құрайды, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу жоспарлануда",- деп атап көрсетті министр Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Халықтың компьютерлік сауаттылығы 2012 жылы 50 пайызға жеткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы компьютерлендіру үрдісін және халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту жоспарлануда, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

"Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылық деңгейі қазір 43,7 пайызды құрайды, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу жоспарлануда",- деп атап көрсетті министр Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

А.Жұмағалиевтің айтуынша, ағымдағы жылы барлық мемлекеттермен және ұлттық компаниялармен бірлесе отырып, компьютерлендіру үрдісін және халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны