15.02.2016, 10:03 3354

ХҚКО-лардағы мобильдік ЭЦҚ енді Beeline абоненттеріне де қолжетімді

Электрондық цифрлық қолтаӊбаларды сақтауға арналған SIM-карталарды өткізу жөніндегі пилоттық жоба өткен жылдыӊ қазан айында Астана мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын.

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Электрондық цифрлық қолтаӊбаларды сақтауға арналған SIM-карталарды өткізу жөніндегі пилоттық жоба өткен жылдыӊ қазан айында Астана мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын. Ол кезде ХҚКО-да электрондық цифрлық қолтаӊбаны бір ғана ұялы байланыс операторы - Altel-діӊ SIM-картасына ғана жазуға болатын. Бүгіннен бастап енді Beeline абоненттері де ЭЦҚ-ны өз SIM-картасына жаза алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ХҚКО" РМК бас директоры Исемгүл Балташеваныӊ айтуы бойынша Beeline ұялы байланыс операторыныӊ SIM-картасына жазылған ЭЦҚ-ны Астана қаласыныӊ және Алматы қаласыныӊ Иуезов, Бостандық, Медеу, Түрксіб, Наурызбай бөлімдері мен Мамандандырылған ХҚКО-да сатып алуға болады. "Аталған жобаны іске қосу кезеӊ-кезеӊмен өтуде. Қазір Beeline SIM-карталары Астана мен Алматы қаласыныӊ тұрғындарына ғана қолжетімді, Қазақстанныӊ басқа қалаларында да криптоаплеті бар SIM-карталарды іске қосу жоспарда бар", - деп атап өтеді Исемгүл Балташева.

Beeline картасыныӊ құны 1500 теӊгені құрайды, бұл ретте 200 теӊге абоненттіӊ шотына есептеледі. ХҚКО-да SIM-картаны сатып алғаннан кейін электрондық цифрлық қолтаӊбаны жазу үшін инспекторға жүгіну керек. Осындай ЭЦҚ-ныӊ қолданылу мерзімі әдеттегідей - бір жыл.

SIM-карталардағы мобильдік ЭЦҚ-ны пайдалану қазақстандықтарға "egov.kz" мобильдік қосымшасыныӊ көмегімен мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүлкініӊ болуы (болмауы) туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды және басқа да қызметтерді алуға мүмкіндік беретіндігін еске саламыз. Пайдаланушылар болашақта SIM-карталардағы мобильдік ЭЦҚ-ныӊ көмегімен "электрондық үкімет" веб-порталы, тіпті интернеті жоқ батырмалы телефондар мен тиісті мобильдік қосымшалар арқылы да қызметтер ала алатын болады.

Бүгінгі күні Халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ 749 клиенті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуда барынша мобильді болуды қалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны