03.08.2020, 17:38 37297

Инфекция өкпеге түскен кезде оны ПТР арқылы анықтау тиімсіз болады

Инфекция өкпеге түскен кезде оны ПТР арқылы анықтау тиімсіз болады. Инфекцияны анықтау үшін диагностикалаудың күрделі түрлері қажет. Осылайша, ауырғаны жайлы білмейді де, оны емдемей, асқындырып алады.

Алматы. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Ж.Бекшиннің айуына қарағанда, пневмония кезінде асқынулардың пайда болуы азаматтардың өзін-өзі емдеумен айналысуларынан. Көбі өз беттерінше антибиотиктер қабылдайды. Кез келген дертті осы салада қажетті білімі бар дәрігер, білікті маман емдеуі керек. Білімсіздік пен өзін-өзі емдеу асқынуларға әкеліп, соңы қайғылы аяқталуы да мүмкін.

ТҚСҚБД ақпаратына сәйкес, этиологиясы анықталмаған пневмония бұл коронавирусты таратушыларда оның белгілері жоқ дегенді білдіреді. Кейбір жағдайларда коронавирус жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатында болып, ауру белгілері байқалмайды, алайда тыныс алу жолдарының төменгі бөліктеріне түссе, өкпенің қабынуына, пневмонияға әкеліп соғады.

"Инфекция жоғарғы тыныс алу жолдарынан өкпеге өтеді. Жоғарғы тыныс алу органдары тазарады, және науқас, ауру белгілері жоқ таратушы медициналық ұйымға түскен кезде ПТР диагностика нәтиже көрсетпейді. Өкпенің төменгі бөлігінен қақырық алу керек, себебі инфекция солай қарай өтіп кетеді", - деп түсіндірді Ж.Бекшин.

Инфекция өкпеге түскен кезде оны ПТР арқылы анықтау тиімсіз болады. Инфекцияны анықтау үшін диагностикалаудың күрделі түрлері қажет. Осылайша, ауырғаны жайлы білмейді де, оны емдемей, асқындырып алады.

"Бүгінгі таңда қаланың стационарларында осындай 700-ге жуық науқас бар, олар өз кезінде ауру белгілерінсіз вирус тасымалдаушылар болған, болмаса өздерін емдеумен айналысқан. Бұл этиологиясы анықталмаған пневмонияның пайда болу себебі", - деп толықтырды Ж.Бекшин.

Осы мәселені түсіндіре отырып, Ж.Бекшин коронавирусты жұқтырған адамдарда ПТР тест нәтижесі теріс нәтиже көрсеткен жағдайларды мысалға келтірді. Медициналық тәжірибеде мұндай науқастар мәліметтерді anamnesis morbi науқастың шағымдануы және anamnesis vitae өмір сүру жағдайы, қызметі, отбасы және тағы басқалары арқылы анықталады. Егер anamnesis vitae кезінде науқастың отбасы мұшелерінің бірі ауырған болса, және онда коронавирустың ПТР тест нәтижесі оң шықса, онда науқастың аурудың белгілері болмауына байланысты оған дер кезінде шара қолданбаған таратушысы болып саналады, және соның салдары этиологиясы анықталмаған пневмонияға әкеп соғады.

"Кейде бір отбасыда күйеуінде ПТР нәтижесі оң шығып, ал әйелінде теріс нәтиже көрсетеді. Алайда әйелінде этиологиясы анықталмаған. Алайда екеуі де бір бірімен байланыс жасайды", - деп түсіндіріп өтті Ж.Бекшин. Ол сол себепті де қаладағы тек қоғамдық орындарда ғана емес, үйде де дезинфекция жасауды ұсынады. Егер отбасында бір адам ауырып қалып, ауру белгілері болмаса, ол бәрібір сыртқы ортаға вирус таратады, өзінің жақындарының ауру жұқтыруына себепкер болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны