24.01.2019, 20:17 13390

Информатика пәні бағдарламасына "электрондық үкімет порталы" бөлімдері енгізіледі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ бастамасымен информатика пәні бағдарламасына "электрондық үкімет порталы" бөлімдері енгізіледі. Мемлекеттік корпорацияныӊ бұл ұсынысын ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдап, тиісті бұйрыққа Ерлан Сағадиев қол қойды. Осылайша, 11-сынып оқушыларыныӊ оқу бағдарламасына қажетті өзгерістер ендіріледі.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ бастамасымен информатика пәні бағдарламасына "электрондық үкімет порталы" бөлімдері енгізіледі. Мемлекеттік корпорацияныӊ бұл ұсынысын ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдап, тиісті бұйрыққа Ерлан Сағадиев қол қойды. Осылайша, 11-сынып оқушыларыныӊ оқу бағдарламасына қажетті өзгерістер ендіріледі.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасына сәйкес, орта, техникалық және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарында цифрлық сауаттылықты арттыру қажет. Балалар мектеп жасынан-ақ цифрлық технологиялардыӊ тілін түсініп, түрлі электрондық жүйені қолдануды үйренуі тиіс. Осы орайда, 11-сынып оқушылары ақпараттық технологиялар мен ондағы қауіпсіздік сабақтары аясындаэлектронды үкімет порталыныӊ жұмыс істеу алгоритімін біліп, электрондық құжаттар, цифрлық қолтаӊба сияқты терминдермен танысып, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үрдісін үйрене алады.

"Орта есеппен жыл сайын мектепті 140 мыӊ оқушы тәмамдайды десек, мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ алуды білетін "цифрлық" ұрпақ саны жыл өте көбейіп отырады. Оныӊ үстіне, ол балалар ата-аналарына, ата-әжелеріне электронды үкімет порталын қолдануға көмектесе алады. Бұл халық арасында цифрлық сауаттылық көрсеткішініӊ артуына, сөзсіз, әсер етеді",- дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Айта кетейік, бүгінде еліміздіӊ 16 өӊірінде ашылған Цифрлық ХҚО арқылы тегін "Цифрлық сауат ашу" курстарына қатысып, электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдыларын үйренуге болады. Осы күнге дейін 5 мыӊнан астам адам аталмыш курстардан өтіп, тиісті сертификаттар алған. Оған қоса, 2018 жылы мемлекеттік корпорацияныӊ ұйымдастыруымен "Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер" курсынан жергілікті атқарушы органдардыӊ 3500 өкілі өтті. Олар, өз кезегінде, жаттықтырушы мәртебесін алып, алған білімдерін 686 мыӊ азаматқа үйретті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны