14.06.2012, 11:34 2789

Иракта тағы да жарылыс болды, 41 адам көз жұмып, 38-і жарақаттанды

Лаңкестік шабуылдың нәтижесінде 12 маусым күні таңертең 41 адам көз жұмып, тағы да жергілікті 38 тұрғын жарақат алды. Ирактың полиция өкілдеріне сілтеме жасай отырып Арабиялық Al Jazeera телеарнасы хабарлағандай, жарылғыш заттар адам көп жүретін мейрамханының жанында тұрақта тұрған көліктің ішінде болған.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Иракта тағы да жарылыс болды, 41 адам көз жұмып, 38-і жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ирактың Хилл қаласында қатты жарылыс болды, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг.

Лаңкестік шабуылдың нәтижесінде 12 маусым күні таңертең 41 адам көз жұмып, тағы да жергілікті 38 тұрғын жарақат алды. Ирактың полиция өкілдеріне сілтеме жасай отырып Арабиялық Al Jazeera телеарнасы хабарлағандай, жарылғыш заттар адам көп жүретін мейрамханының жанында тұрақта тұрған көліктің ішінде болған.

Құқық қорғау органдары кем дегенде екі жарылғыш заттың іске қосылғандығын айтып отыр. Полицияның болжамына қарағанда, бұл Бағдад қаласына жол тартқан қажы-шейіттерге бағытталған лаңкестік болған.

Бұған дейін Иракта орын алған ірі лаңкестік оқиға 31 мамырда болған. Елдің астанасы Бағдадта 6 сериядан тұрған жарылыс болды. Лаңкестік шабуылдың нәтижесінде кем дегенде 16 адам бақилық болып, 56 жергілікті тұрғын жарақат алған.

3 күн бұрын, 28 мамырда Бағдадта пәкістандық қажы-шейіттер мінген автобус жарылып, 24 адам жарақат алды. Билік өкілдерінің берген мәліметіне қарағанда, 2012 жылдың сәуір айында ғана 126 адам лаңкестік шабуылдың құрбаны болды.

Айта кетейік, 2012 жылдың 19 сәуірінде бірнеше жарылыс оқиғалары болды. Сол кезде Ирактың 12 қаласы, Бағдад, Киркук, Самарра, Баакубуа Дибис және Таджи сияқты шаһарлар лаңкесттік шабуылға тап болды. Соның нәтижесінде тек Бағдадта 30 бейбіт тұрғын көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны