21.04.2016, 21:21 2637

Iшкi iстер департаментiнiӊ ардагерлерiн Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады

Петропавлда Қазақстандағы ардагерлер қозғалысыныӊ басталған күнiне 30 жыл толуына арналған салтанатты шара өттi.

Петропавловск. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Петропавлда Қазақстандағы ардагерлер қозғалысыныӊ басталған күнiне 30 жыл толуына арналған салтанатты шара өттi.

Iшкi iстер департаментiнiӊ ардагерлерiн Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады. Ол полиция қызметкерлерiнiӊ аға ұрпағы -үздiк жауынгерлiк және еӊбек дәстүрлерiн үлгi етушiлер екендiгiн атап айтты.

"Сiздер ұрпақтар арасындағы байланысты жүзеге асырасыздар, жас қызметкерлерге баға жетпейтiн өз тәжiрибелерiӊiздi бересiздер. жастарды тәрбиелуге тiкелей араласасыздар. Қазiргi кезде көршi Ресейде тұрып жатқан iшi iстер бөлiмдерiнiӊ ардагерлерлерiн көруiмiз, шекаралас Омбы. Түмен, Челябi облыстарыныӊ, Мәскеу мен Ханты-Мансийск қалаларыныӊ ардагерлерк еӊесi төрағаларыныӊ тiкелей қатысуы қуанарлық жағдай. Бiздiӊ елдерiмiздi уақыттыӊ сынынан өткен достық қатынастар байланыстырады. Аға ұрпақтыӊ лайықты өмiрiн қамтамасыз ету -бiздiӊ елiмiзде ерекше назар аударылып жатқан мiндет",- дедi облыс әкiмi.

Өӊiр басшысы жергiлiктi атқарушы органдар үшiн ардагерлер бiрлестiгi -әртүрлi мәселелердi шешудегi сенiмдi одақтас екендiгiн атап айтты.

"Iшкi iстер департаментiнде ардагерлерге деген құрмет -басшылықтыӊ ерекше бақылауында екендiгi құптарлық-ақ жағдай. Аудандық ардагерлер кеӊесi төрағаларыныӊ жұмысы үшiн жағдай жасалған, ведомстволық санаторийлерде тегiн емделу мүмкiндiгi берiлген, медициналық бақылау қамтамасыз етiлген",- дедi Құмар Ақсақалов.

Сөзiнiӊ соӊында Құмар Ақсақалов IIД ардагерлер қозғалысына қатарларын нығайта түсудi және облыс тұрғындарыныӊ игiлiгi үшiн атқарып жатқан iстерiне жетiстiк тiледi.

Iшкi iстер органдарыныӊ қалыптасуы мен нығаюына сiӊiрген көп жылғы қажырлы еӊбектерi және ардагерлер қозғалысыныӊ басталғанына 30 жыл толуына орай Ұлы Отан соғысы мен iшкi iстер органдарыныӊ ардагерлерi Андрей Плешаков пен Никита Семенов облыс әкiмiнiӊ Құрмет грамотасымен марапатталды. Iшкi iстер органдарыныӊ ардагерлерi Ибдiрахмен Тоқышев пен Юрий Киселев Алғыс хатқа ие болды.

Салтанатты шара СҚО IIД мәдени орталығыныӊ шығармашылық ұжымы әзiрлеген мерекелiк концертпен жалғасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны