03.06.2011, 14:55 3722

Израиль Қазақстанда ауылшаруашылық саласына бағытталған оқу орталықтарын құрмақ - баспасөз баяны

Ауылшаруашылық саласындағы екіжақты қазақ-израиль серіктестігін дамыту мәселесі сенаттың аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы Болат Жылқышиевтің Израильдің СІМ жанындағы Халықаралық ынтымақтастық орталығының Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігінің Халықаралық жобаларды дамыту департаментінің директоры Ефраим Бен Матитьяумен кездесуі барысында талқыланды.

Б. Жылқышиев әріптесіне Қазақстанның АӨК алдында тұрған міндеттер туралы хабардар етіп, ауылшаруашылық саласын одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін заңнамалар туралы айтып берді.

Қазақстан тарыпының израильдік тәжірибені пайдалануға қызығушылық танытып отырғандығын тілге тиек еткен сенатор құс шаруашылығында, тамшылап суаруда, жылыжай шаруашылығында заманауи технологиялардың жемісті пайдаланылып келе жатқандығын атап өтті.

Иңгіме барысында израильдік тарап Алматы маңында жаңа технологияларды ұсынатын көрсету алаңын, заманауи ауылшаруашылық оқу орталықтарын құруға ниетті екендіктерін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны