14.05.2008, 19:02 2843

Израильдік дәрігерлер делегациясы науқастарды ақысыз тексеру және ақыл-кеңестер беру үшін Ақтөбеге келді

Израильдік дәрігерлер делегациясы науқастарды ақысыз тексеру және ақыл-кеңестер беру үшін Ақтөбеге келді

Ақтөбе. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Израильдік дәрігерлер делегациясы науқастарды ақысыз тексеру және ақыл-кеңестер беру үшін Ақтөбеге келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл сапар Ақтөбелік дәрігерлер мен олардың Хайфа қалалық әріптестері арасындағы екі жақты тәжірибе алмасу аясында жүзеге асырылуда. Біздің қаламызға олар өз қаржысы есебінен келіп отыр және сапар уақытында олар облыстық жедел медициналық жәрдем ауруханасында, балалардың клиникалық ауруханасында, қалалық перинаталдық орталықта және Марат Оспанов атындағы медицина академиясының жанындағы медициналық орталықта болады", -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Қайрат Сабыр.

Атап айтсақ, шетелдік офтальмолог, онколог, нейрохирург мамандар ауруханда жатқан адамдар мен диспансерлік есепте тұрған адамдарды қарап, ақыл-кеңес береді.

"Мұндай тәжірибе біздің облыста алғаш рет жүргізіліп отыр және біз бұл ақтөбеліктер үшін денсаулығын тексертуге шалғайға сабылдырмайтын үлкен пайда деп есептейміз", - деді Қ. Сабыр.

Шетелдік дәрігерлер 17 мамырда елдеріне қайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны