20.11.2015, 22:28 4188

Йеменде "Ил Каиданыӊ" шабуылынан 30-ға жуық адам қаза тапты

Йеменніӊ Хадрамаут аймағында "Ил-Каида" ұйымыныӊ жанкештісі өзін өзі жарып жіберді

Астана. 20 қараша. Kazakhstan Today - Йеменніӊ Хадрамаут аймағында "Ил-Каида" ұйымыныӊ жанкештісі өзін өзі жарып жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шабуыл салдарынан 30-ға жуық адам қаза тапқан. Бұл туралы жергілікті қауіпсіздік өкілдері мәлімдеді. Лаӊкес йемендік әскери бекеттіӊ қасында өзін көлігімен қоса жарған. Қанды оқиғаныӊ соӊы Йемен әскері мен "Ил-Каиданыӊ" арасындағы қарулы қақтығысқа ұласты. Кейінгі түскен ақпаратқа сәйкес ажал құшқандардыӊ 15-і әскери, 14-і содыр. Қарулы қақтығыс әлі де жалғасуда, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны