03.04.2020, 16:26 7242

Көп пәтерлі тұрғын үйлерде өрт оқиғаларын болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын орындау қажет,

Ғимараттар мен құрылыстарға өрт техникалары мен құрылғылары еркін өту үшін кіре беріс жолдар мен өту жолдарын, сондай-ақ, өрт сөндіруді қамтамасыз ететін сыртқы су көздеріне кедергі жасамаңыз.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Арман Байгелов бұқаралық ақпарат өкілдеріне арнап онлайн баспасөз брифингін өткізді.

Брифинг барысында дәл қазіргі төтенше жағдай кезеңінде оқыс оқиғаларды болдырмаудың алдын алуды баса айтып, ақауы бар электр желілеріне күш түсіретін қосымша тоқ көздерін қосу, өрттің шығуына тікелей себепші екенін жеткізді.

"Сондай-ақ электр және газ құралдарын қараусыз қалдырмауларыңыз қажетт. Үй жағдайында қолдан жасалған электр құралдарын пайдалану да өте қауіпті" - деді спикер.

Шын мәнінде "өрттің тілсіз жау" екенін әрбір тұрғын жете түсінгені дұрыс. Сондай-ақ, Арман Байгелов балконға да баса назар аудару қажет екендігіне тоқталды.

"Қазіргі күнде көпқабатты үйлердің балкондары тез жанатын материалдармен қапталған және онда ағаш сөрелер бар. Мұның өзі оқыс жағдай орын алған кезде өртті ауыздықтауға қиындық туғызатыны белгілі. Ең бастысы, балаларға барынша сақ болып, оларды еш қараусыз қалдырмайық!" - деп қорытындылады сөзін ТЖД басшысының орынбасары.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерде өрт оқиғаларын болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын орындау қажет, атап айтқанда:

Негізгі және эвакуациялық шығу есіктерін ашық ұстаңыз, олар шығу бағытына қарай ашылуы керек және олардың құлыптары есіктерді ішкі жағынан кілтсіз ашуға мүмкіндік беруі керек;

Үйдегі өрттен қорғау жүйесін (құлақтандыру жүйесі, түтін шығаратын жүйе), тазалап жақсы күйде ұстаңыз.

Эвакуация бағыттары (баспалдақтар, дәліздер, холл және фойе) әртүрлі тұрмыстық заттармен (жиһаз, арбамен және т.б.) бітеліп қалмауы керек. Балкондардағы қабат аралық эвакуациялау люктері еркін ашылуы керек. Баспалдақтардың астында жанғыш материалдарды жинап сақтамаңыз.

Ғимараттар мен құрылыстарға өрт техникалары мен құрылғылары еркін өту үшін кіре беріс жолдар мен өту жолдарын, сондай-ақ, өрт сөндіруді қамтамасыз ететін сыртқы су көздеріне кедергі жасамаңыз.

Карантиндік аймақта (кіреберіс) басқа үйлердің тұрғындарымен байланыста болмас үшін, өрт және басқа да төтенше жағдай туындаған кезде тұрғындарды жеке жинау пункттерін алдын ала анықтаңыз.

Егер өрттің белгілері анықталса, ең алдымен мемлекеттік өртке қарсы қызметке 101 және 112 нөмірлеріне хабарлаңыз.

Өрт туралы мүмкіндігінше тұрғындарға хабарлаңыз.

Үйді электр желісінен ажырату шараларын қолданыңыз және өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге кірісіңіз.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны