16.11.2022, 13:43 14626

Көп сағаттық кептелістер, экологиялық емес көлік, маятниктік көші-қон - Президент Алматының жол-көлік проблемалары туралы айтты

Көп сағаттық кептелістер, экологиялық емес көлік, маятниктік көші-қон - Президент Алматының жол-көлік проблемалары туралы айтты
Алматы. 16 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы жұртшылығымен кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үйлесімді жол-көлік кешенін дамыту қажеттігі туралы айтты.
 
Бірнеше сағаттық көлік кептелістері азаматтардың денсаулығына әсер етіп қана қоймай, қала экономикасы мен экологиясына да айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан адамдарға "жайлы қала" қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін үйлесімді және теңгерімді жол-көлік кешенін салу маңызды.
 

Қоғамдық көліктердің тартымдылығын дәйекті түрде арттыра отырып, жеке көліктерді пайдалануды азайту жайын ойластыру керек. Ол үшін метро желісін кеңейтуді жалғастыру қажет. Ескірген және экологияға зиян келтіретін көлік түрлерінен бас тарту керек. 2025 жылдан кейін Алматы көшелерінде дизельді автобустар қалмауға тиіс. Оларды газбен және электр қуатымен жүретін көліктер алмастырады. Алматыда оны табысты дамытудың мол тәжірибесі бар. Транзиттік жүк тасымалының басым бөлігін Үлкен Алматы айналма жолына көшіру де қалаға оң әсерін тигізеді. Бұл үшін 6 радиалды және 4 ішкі негізгі көше салу қажет", - деді Мемлекет басшысы.

 
Жуырда Алматы мен Қонаев қалалары арасында электр пойызының қозғалысы қайта қалпына келгенін еске салған Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері қала маңындағы теміржол қатынасын одан әрі жандандыру жоспарын әзірлеуі қажет екенін айтты.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны