24.05.2016, 16:39 3561

"KADEX-2016" көрмесінде қазақстандық өндірістіӊ оптикалық өнімі ұсынылады

"KADEX-2016" көрмесіне қатысатын қазақстандық қатысушылардыӊ ішінде Қазақстанныӊ қорғаныс өнеркәсібі тапсырмаларын орындайтын, электро-оптикалық жүйелерді орнатумен броньды техника және авиациялық кемелерді жаӊғыртумен айналысатын "КАЕ" ЖШС

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Халықаралық "KADEX-2016" көрмесінде қазақстандық кәсіпорындар ҚР Қарулы Күштері қорғаныс өнеркәсібініӊ тыӊ әзірлемелерін көрсетуге дайын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"KADEX-2016" көрмесіне қатысатын қазақстандық қатысушылардыӊ ішінде Қазақстанныӊ қорғаныс өнеркәсібі тапсырмаларын орындайтын, электро-оптикалық жүйелерді орнатумен броньды техника және авиациялық кемелерді жаӊғыртумен айналысатын "КАЕ" ЖШС, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"KADEX-2016" көрмесі шеӊберінде "КАЕ" кәсіпорны тәуліктіӊ түнгі уақытында көзбен шолып бақылауға арналған А100 монокулярлы приборын ұсынады. А100 приборы әскери және арнайы операцияларды жүргізу, объектілерді патрульдеу және күзету, түнгі уақытта көрінетін жарық қуат көзін пайдаланусыз жүріп өтілген жер бойынша көлік құралдарын басқару үшін қолданылады.

Бүгінгі таӊда компаниямен бірнеше маӊызды жобалар іске асырылды. Атап айтсақ, "№405 авиажөндеу зауыты" АҚ-пен бірлесе МИ-17В-5 тікұшақтарыныӊ жаӊартылуы, "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС-мен бірге электронды-оптикалық жүйе мен кіріктіруді орната отырып, броньдалған дөӊгелекті техниканыӊ шығарылуы мен жаӊғыртылуы. Сонымен қатар "КАЕ" компаниясымен Т-72А броньды танкті техникада атысты басқару жүйесініӊ жаӊғыртылуы жүргізілді.

Тағы да "КАЕ" компаниясыныӊ көрсетілетін приборларыныӊ бірі шағын жылу визиялық көздеуіш болып табылады. Ол түтін, тұман және бықсық жағдайында тәуліктіӊ түнгі және күндізгі уақытында атысты жүргізу үшін атыс қаруында қолдану үшін арналған. Көздеуіш объектілердіӊ жылулық сәулеленуі бойынша енжарлы режімде жұмыс жасайды. Сондай-ақ қол жылу визиялық бақылау приборы ретінде қолдануға болады.

"КАЕ" компаниясы өзін ҚР Қарулы Күштерініӊ қару-жарағы мен әскери техникасына арналған кәсіби және тәжірибелі жоғары технологиялық электронды-оптикалық өнім шығаратын компания ретінде көрсеткенін айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны