03.02.2011, 16:10 3634

Каирдың орталығында орын алған қақтығыста үш адам мерт болды

Сәрсенбі күні Каирдың орталығындағы оппозиция жақтастары мен президент айналасындағы белсенділердің арасындағы қақтығыс кезінде үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Сәрсенбі күні Каирдың орталығындағы оппозиция жақтастары мен президент айналасындағы белсенділердің арасындағы қақтығыс кезінде үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Мысыр телеарнасынан денсаулық министрі Ахмед Самех Фарид мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, тағы да 639 адам зардап шеккен. Сондай-ақ министр ауруханаға жеткізілгендердің ішінде немесе дәрігерлердің бригадасына көмекке жүгінгендер арасында оқ тиіп, жараланғандар жоқ екендігін атап көрсетті

Қайтыс болғандардың біреуі Тахрира ауданында Хосни Мубарактың жақтастары шабуыл жасаған кезде көпірден құлаған, қалғандары өмірлік маңызды мүшелеріне (басына, кеудесіне, ішіне) ауыр жарақат алғаннан көз жұмған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны