27.10.2015, 09:16 3642

Қалалық кеӊес Алматыдағы заманауи өнер мұражайыныӊ құрылысын бекітті

Өткен сенбі күні Алматыныӊ Қала құрылысы кеӊесіне меценаттар Бостандық ауданыныӊ аумағында халықаралық деӊгейдегі Мұражай салу жөніндегі әлеуметтік жобаны ұсынған болатын

Алматы. 27 Қазан. Kazakhstan Today - Өткен сенбі күні Алматыныӊ Қала құрылысы кеӊесіне меценаттар Бостандық ауданыныӊ аумағында халықаралық деӊгейдегі Мұражай салу жөніндегі әлеуметтік жобаны ұсынған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Museum of Modern Art" ҚҚ-ныӊ осы жобаны жасаушылары туризмніӊ халықаралық орталығы болып табылатын қаланыӊ беделін одан әрі көтеруді көздепті.

Құрылыс нысаны Ботаникалық баққа жақын аумақта бой көтереді, оған бөлінген жер көлемі 2,17 гектар, Ил - Фараби даӊғылыныӊ солтүстігі. Қалалық кеӊес мүшелері айтып өткендей, болашақта салынған мұражай Дендрапарктіӊ дамуына оӊ ықпал етіп, Ботаникалық баққа енудіӊ кіреберісі болады. Естеріӊізге сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Ботаникалық бақтан Ил- Фараби даӊғылына шығатын жол жоқ. Жоба бастамашыларына қойылған басты талап - салынатын мұражай кешенінде заманауи өнер мектеп- студиясыныӊ болуы. Оныӊ үстіне жалға берілетін жер сатылмайды және өзініӊ негізгі сипатын өзгертпейді.

Икім Алматыныӊ білім- ғылым, мәдени орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі көтеру туралы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасын жүзеге асыруда болашақта салынатын бұл құрылыстыӊ маӊызы үлкен болатынын айтты.

"Қаламызды барынша заманауи және халықаралық стандарттарға сай және тұрғындарға қолайлы ету өте маӊызды. Сондықтан біз қаламыздыӊ рухани өмірін жаӊғыртуға тиіспіз.Бүгін жалпы қоғамныӊ мүддесі үшін бұл мәселе оӊ шешімаін тауыцп отыр. Ботаника бағын одан әрі дамытудыӊ алғашқы капсуласыныӊ нәтижелі болатынына сенімдімін" - деді әкім.

Бизнесмен Сержан Жұмашов "Museum of Modern Art" қоғамдық қорыныӊ бір топ меценаттар құрған коммерциялық емес, қоғамдық негіздегі ұйым екендігін айтты. Оныӊ негізгі мақсаты- халықаралық деӊгейдегі заманауи мұражай салуды жүзеге асыру. Жоба жұмысын одан әрі жүргізу үшін әлемдегі заманауи мұражайлардыӊ бірі тартылатын болады.

Бұл жобаны жасауға әлемдегі еӊ үздік архитекторлардыӊ бірі, түрлі техникалық элементтерді ұтымды прайдаланушы - Карлос Ферратер ( OAB, Испаниядағы архитектура бюросын құрушы және басшысы) шақырылды.OAB-тыӊ архитектуралық бюросыныӊ мұражайлар мен мәдени орталықтар жобасын жасауда жинақтаған тәжірибесі үлкен. Компания архитекторлары Гранададағы Ғылым мұражайыныӊ (Испания), Манльеудегі Тер (Испания), Лиондағы Слияние (Франция) музейлерініӊ, Кастельондағы мәдени орталықтыӊ (Испания) жобаларын жасаған. 1996 жылы OAB бюросы мұражайларды дамытуға үлес қосқаны үшін Музейлер қоғамдастығыныӊ V Bonaplata Prizes сыйлығын иеленген.

Бұлардан өзге Қалалық кеӊесте Медеу ауданындағы "JubileeLand" тұрғын кешенініӊ жобасы мақұлданды, оны "Кумполан Казахстан" ЖШС тапсырысы бойынша RSP Architects Planners & Engineers (Pte) Ltd, Сингапур мен "ПА "KAZGOR"ЖШС жасаған.

Кешен аумағында жасылдандыру ісіне ерекше мән берілетін болады.

Қала әкімі Алматыныӊ қала құрылысында халықаралық тәжірибені кеӊінен пайдалануды және әр ауданныӊ өзіндік архитектуралық келбеті болуы тиіс дегенді қадап тұрып айтты.

Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны