12.06.2008, 17:57 2883

Қамбар ата су электр станциясының каскады бойынша бастапқы инвестициялық техникалық-экономикалық негіздеменің алғашқы жұмыс жобаларының дайындығы аяқталды

Қамбар ата су электр станциясының каскады бойынша бастапқы инвестициялық техникалық-экономикалық негіздеменің алғашқы жұмыс жобаларының дайындығы аяқталды

Бішкек. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қамбар ата су электр станциясының каскады бойынша бастапқы инвестициялық техникалық-экономикалық негіздеменің алғашқы жұмыс жобаларының дайындығы аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Электр станциялары" ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазіргі уақытта тендерді жеңіп алған PriceWaterHouseCoopers компаниясы бастапқы экономикалық есептің дайындығы аяқталғаны жайында, ал Electricite de France - техникалық есептің аяқталғаны жөнінде мәлімдеді деп хабарлады "Электр станциялары" ААҚ баспасөз қызметі. Қамбар ата - 1 бойынша бастапқы инвестициялық техникалық-экономикалық негіздемені дайын күйінде 2009 жылдың мамыр айына қарай тапсырулары керек, деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны