31.01.2007, 17:00 6314

Қарағанды әкімі қалалық мәслихатқа өзінің жаңа орынбасарын таныстырды

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін Қарағандының әкімі Ислам Тоғайбаев қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттарға өзінің жаңа орынбасары Сергей Грибенщиковты таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

51 жасар С. Грибенщиков соңғы уақыттарда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Қарағанды өлкелік комитет төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын әкімнің бірінші орынбасары қызметін Александр Воробьев атқарған. Өткен жылдың маусымында қалалық мәслихаттың депутаттары мен А. Воробьевтың арасында келіспеушілік туып, 2007 жылдың қаңтар айының басында ол өз еркімен отставкаға кеткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны