30.09.2015, 12:28 7308

Қарағанды гарнизонында әскери міндеттілер жиыны аяқталды

Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімшелерініӊ әскери міндеттілерімен өткен жиын сәтті аяқталды. Жиын "Спасск" оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында өтті, оған барлығы 70 адам қатысты

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімшелерініӊ әскери міндеттілерімен өткен жиын сәтті аяқталды. Жиын "Спасск" оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында өтті, оған барлығы 70 адам қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиын барысында әскери міндеттілер өздерініӊ машықтанған дағдыларын еске алып, жауынгерлік даярлығын арттырды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аталған жиынныӊ аяқталуы бойынша ерекше көзге түскендерге грамоталар табыс етіліп, сондай-ақ олардыӊ жұмыс орындарына алғыс хаттары жолданды.

Ал Алматы өӊірлік гарнизоныныӊ әскери полиция жасағындағы әскери міндеттілермен өтіп жатқан жиын жалғасуда. Бүгінгі күні оқуға 100 адам келді, олардыӊ барлығы бұрын Қарулы Күштерде әскери қызмет өткерген, запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар болып табылады.

Осы жылдыӊ 28 қазанына дейін әскери-оқыту резерв бағдарламасы бойынша барлығы 1 500 адамды даярлау жоспарланып отыр. Жиын бағдарламасы 2 аптаға шамаланып, "Іле" оқу-жаттығу полигоныныӊ шатырлы қалашығында өткізілуде. Жасақ офицерлерініӊ басшылығымен әскери міндеттілер жауынгерлік даярлық пен әскери кәсіптіӊ, қару-жарақ пен техниканыӊ ерекшеліктерін меӊгереді. Сонымен қатар тылдық және техникалық қамтамасыз ету, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жеке әскери мамандықтары бойынша даярлықтан өтеді.

Искери міндеттілермен өтетін жиындар әскери-оқытылған резерв ішіндегі азаматтармен талап етілген әскери даярлық деӊгейін қолдау үшін тұрақты түрде ұйымдастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны