10.08.2015, 14:38 3386

Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлерімен 47-жастағы қала тұрғыны ұсталып, одан 117 килограмға жуық сынапқа ұқсас зат тәркіленді.

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - 3-ші тамыз күні Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерініӊ жедел іздестірі іс-шаралары барысында Қарағанды қаласындағы көшелердіӊ бірінде орналасқан гараждардыӊ аумағында 47-жастағы азамат ұсталып, одан 3-темір колбаға салынған жалпы салмағы 117 килограмға жуық сынапқа ұқсас зат тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда аталаған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 301 бабы 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны