03.01.2008, 16:55 2999

Қарағанды облысында 5 қаңтарда күн суытып , боран соғады деген ескерту жарияланды

Қарағанды облысында 5 қаңтарда күн суытып , боран соғады деген ескерту жарияланды

Қарағанды. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында 5 қаңтарда күн суытып, боран соғады деген ескерту жарияланды. Бұл туралы агенттікке Қарағанды метеорология орталығынан хабарлады.

Күн райын болжаушылардың хабарлауынша, қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні ауаның температурасы 25 - 30 градусқа дейін, ал өңірдің солтүстік бөлігінде 35 градусқа дейін аяз болады.

"5 қаңтар күні күндіз боран соғады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді", - деп хабарлайды орталықтағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны