22.02.2013, 11:03 3335

Қарағанды облысында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

"Даму" қорының аймақтық бөлімшесінің хабарлауынша, өткен жылдың 15-ші қарашасында Жезқазған, Саран, Балқаш, Қаражал қалаларында осындай орталықтар ашылған болатын. Қазіргі таңда "Даму" қорының облыстық филиалында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылып, 1200-ден аса іскер жандарға кеңес берілді.

Қарағанды. 22-ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Теміртау, Абай, Шахтинск және Сәтбаев қалаларында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Даму" қорының аймақтық бөлімшесінің хабарлауынша, өткен жылдың 15-ші қарашасында Жезқазған, Саран, Балқаш, Қаражал қалаларында осындай орталықтар ашылған болатын. Қазіргі таңда "Даму" қорының облыстық филиалында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылып, 1200-ден аса іскер жандарға кеңес берілді.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының ашылуы бизнес саласындағы азаматтар үшін айтулы оқиға болды. Наталья Лауб:"Шағын қалаларда кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының ашылуы маған және менің бизнестегі әріптестеріме өте тиімді. Мемлекеттік бағдарламалар туралы облыс орталығына бармай-ақ өз қаламыздан тиісті ақпарат ала аламыз", дейді.

Қазір барлық аймақтар мен Астана және Алматы қаласында "Даму" қорының филиалдары жұмыс істейді. Бүгінде қор кәсіпкерлерге қаржылық және ақпараттық-консультативтік қолдау көрсететін 25 бағдарламаны жүзеге асыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны