30.10.2012, 10:23 3495

Қарағанды облысында облыстық мәслихаттың үш депутаты сайланды

"Өткен жексенбіде үш сайлау учаскесінде облыстық мәслихаттың шығып кеткен депутаттарының орнына үш депутатты сайлау өтті. Сайлау Қарағанды қаласында, Абай және Шет аудандарында болды", - деді облыстық сайлау комиссиясынан.

Қарағанды. 30-қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында облыстық мәслихаттың үш депутаты сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.

"Өткен жексенбіде үш сайлау учаскесінде облыстық мәслихаттың шығып кеткен депутаттарының орнына үш депутатты сайлау өтті. Сайлау Қарағанды қаласында, Абай және Шет аудандарында болды", - деді облыстық сайлау комиссиясынан.

Екі оқиғада орындар депутаттардың мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты босады. Бұдан басқа, тағы бір халық қалаулысы тұрғылықты жерін ауыстырды.

Облыстық сайлау комиссиясынан келіп түскен ақпарат бойынша, депутаттыққа кенші Александр Прокудин, Абай орталық ауруханасының дәрігері Баязид Жұмабеков, Қайрақты орта мектебінің директоры Рымбала Шәкірбаева сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны