18.10.2006, 10:05 3044

Қарағанды облыстық соты Жезқазған мен Теміртаудағы екі қан құю орталығының жұмысын тоқтату туралы шешім шығарды

ҚАРАҒАНДЫ. 18 қазан. Kazakhstan Today. Қарағанды облыстық соты мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінің шағымына сәйкес, Жезқазған мен Теміртаудағы екі қан құю орталығының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды қадағалау бөлімінің бастығы Марк Константиниди мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

М.Константиниди департаменттің үстіміздегі жылдың тамыз қыркүйек айларында төрт қан құю орталығында және екі бөлімшеде, сонымен қатар СПИД орталығы мен бірнеше ірі емдеу мекемелерінде тексеру жүргізгенін ескертті.

Оның айтуынша, тексеру барысында емдеу мекемелерінде заң бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, орталықтарда жабдықтардың тозығы жеткен, зертхана көлемі стандартқа сәйкес келмейді және басқада заң бұзушылықтар бар.

"Сот Теміртау мен Жезқазғанға қатысты шағымымызды қанағаттандырып, олқылықтар жойылғанға дейін орталық қызметтерін тоқтату туралы шешім шығарды",-деп атап өтті М. Константиниди.

Ал, Жезқазған мен Теміртау орталықтарының директорлары егер кемшіліктер екі апта ішінде жойылатын болса, сот шешімін орындауды белгісіз уақытқа жылжытуға болатындығын айтады.

Облыстық қан орталығының директоры Владимир Лактионовтың сөзіне қарағанда, облыстағы барлық қан орталықтары мен бөлімшелерін тиісті жабдықпен толық қамтамасыз ету үшін 260 млн. теңге қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны