13.08.2012, 15:36 3370

Қарағандыда Atameken StartUp жобасы аяқталды

Іс-шараны "Атамекен" одағы" Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы ұйымдастырған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қарағанды. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда Atameken StartUp жобасы аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Іс-шараны "Атамекен" одағы" Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы ұйымдастырған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жалпы Қарағандыда өткен Startup жобалардың апталығына 40-қа жуық адам қатысты. Оның ішінде 11 адам шараның бірінші күні өз жобаларын таныстырса, 6 жоба команда жинап, финалға дейін жетті.

Бірінші орын мен 300 000 теңге ақшалай сыйлық отандық www.comarket.kz. видеоконтенттің сервистік жобасына бұйырды.

Екінші орын (200 мың теңге) канцелярия сататын Akula.kz. жобасына берілді.

Үшінші орынды (100 000 теңге) патриоттық бағытта балаларға білім беретін жоба алды.

Келесі Startup Weekend 12-14 қыркүйек күндері Қостанайда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны