08.01.2008, 12:37 1542

Қарағандыда бағытты шағын автобустардың жүргізушілері жолақыны өз беттерімен көтеріп жіберген

Қарағандыда бағытты шағын автобустардың жүргізушілері жолақыны өз беттерімен көтеріп жіберген

Қарағанды. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда 1 қаңтардан бастап қаладағы бағыттарға қызмет ететін шағын автобустардың жүргізушілері жолақыны өз беттерімен 20-дан 30 теңгеге дейін көтеріп жіберген. Жүргізушілер өз басшылығының тапсырмасынсыз, бағаны білермендікпен көтерген, деді агенттік тілшісіне "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары" қалалық басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Мәжитов.

"Қарағандыда "Экспресс", "Ахат", "Таксокомбинат" секілді бірнеше тасымалдаушы 20 теңгелік тариф бойынша жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындардың басшылығы бізге тарифті 20-дан 30 теңгеге дейін көтеру жөнінде өтініш жасаған. Облыстық жолаушылар транспорты басқармасының деңгейінде кеңес өткізіліп, оның барысында осы жылдың 1 сәуіріне дейін жолақысы 20 теңге деңгейінде қалатындығы туралы мәмілеге келдік", - деді Нұрлан Мәжитов.

Тасымалдаушылардың жолақысын өз бетімен көтеруі заңсыз , деді ол. "Егер қала тұрғындары осындай дерекпен бетпе-бет келіп жатса, онда біздің басқармаға келіп арыз жазып, бағыттың номері мен шағын автобустың мемлекеттік номерін көрсетуі керек. Біз онда тасымалдаушылармен келісім-шартын бұзып, бағыттарды қайта тендерге шығарамыз", -деді Н.Мәжитов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны