30.06.2011, 16:55 7091

Қарағандыда белгісіз біреулер кәсіпкерден 9,5 млн теңге тартып алып кеткен

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, белгісіз төрт адам Қарағандыдағы фирмалардың бірінің директорын облыс орталығындағы "Kaspi bank" филиалы кеңсесінен шығып кележатқан кезінде жабылып ұстап алып ұрлап кеткен.

Қарағанды. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыда белгісіз біреулер кәсіпкерден 9,5 млн теңге тартып алып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, белгісіз төрт адам Қарағандыдағы фирмалардың бірінің директорын облыс орталығындағы "Kaspi bank" филиалы кеңсесінен шығып кележатқан кезінде жабылып ұстап алып ұрлап кеткен.

"Шамамен сағат 10.00 кезінде жергілікті фирмалардың бірінің директорын белгісіз біреулер "Opel Astra" автокөлігіне күштеп отырғызып алып кеткен", - делінген бейсенбі күнгі жарияланған хабарламада.

Қылмыскерлер директорды жазық далаға алып барып, фирма директорының банктен алып шыққан 9,5 миллион теңгесін тартып алған. Сонымен қатар ұрланған кісінің дер кезінде болған оқиғаны хабар беріп қоймасы үшін қалта телефонында алып кеткен.

Қазіргі уақытта қылмыскерлерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны