03.08.2006, 18:34 2921

Қарағандыда қаскөйлер Ана мен балаға арналған ескерткішті ойрандап кетті

ҚАРАҒАНДЫ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Қарағанды облысының Сарань қаласында қаскөйлер Ана мен балаға арналған ескерткішті ойрандап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Осыдан 40 жыл бұрын Ленин көшесінде тұрғызылған бұл ескерткіш мемлекеттің қорғауында болатын мәдени ескерткіш деп танылған болатын. Қаскөйлер Ананың нышан белгісі болып табылатын мүсіннің басын жұлып бүлдірген.

Полициядағылар қаскөйлерді тауып, тиісті жазасн береміз деп сендіруде. Ал Сарань қаласының әкімі Мейрам Смағұлов ескерткіштің бір аптада қалпына келтірілетінін айтып сендірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны