07.07.2010, 17:37 3398

Қарағандыда полиция ғимаратының бесінші қабатынан қылмыстық істің куәгері секіріп кетті

Полицияның орталық бөлімінің хабарлауынша, оқиға 3-шілде күні таңертең орын алған. "Жемчужина" АҚ директорының орынбасары Виталий Шмаковтың өліміне қатысты қылмыстық істің куәгері Полиция бөліміне жеткізілген болатын.

Қарағанды. 7-шілде. Kazakhstan Today Қарағандыда полиция ғимаратының бесінші қабатынан қылмыстық істің куәгері секіріп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Полицияның орталық бөлімшесіне сілтеме жасай отырып.

Полицияның орталық бөлімінің хабарлауынша, оқиға 3-шілде күні таңертең орын алған. "Жемчужина" АҚ директорының орынбасары Виталий Шмаковтың өліміне қатысты қылмыстық істің куәгері Полиция бөліміне жеткізілген болатын.

Бөлмеде куәгермен бірге екі жедел уәкіл болған. Біреу құжаттарды қарап жатқанда, екіншісі терезен ашқан. Дәл осы кезде куәгер күтпеген жерден бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Жерге құлап түскен жігіт айтарлықтай жарақат алмаған, оны тіптен ауруханаға апарудың да қажеттілігі туындамаған, рентген денесінде ешқандай сынық белгілерінің жоқтығын көрсеткен. Куәгер қаладан шықпау туралы қолхатпен босатылды, адам өлтіру дерегін тергеу жұмыстары жалғасуда. Ал осы оқиғаға байланысты полицияның орталық бөлімінде жеке қауіпсіздік қызметі тергеу жүргізуде, деп хабарлады полициядан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны