12.01.2007, 12:56 3281

Қарағандыда прокуратура кеншілердің мәдениет сарайын коммуналдық меншікке қайтаруды талап етуде

ҚАРАҒАНДЫ. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық прокуратурасы кеншілердің мәдениет сарайын коммуналдық меншікке қайтаруды талап етуде. Мұндай шағым ауданаралық экономикалық сотқа жіберілді. Бұл туралы журналистерге облыс прокуроры Серік Қараманов мәлім етті.

Кеншілердің мәдениет сарайы 10 жыл бұрын 13,1 млн. теңгеге жекешелендірілген болатын. "Екі мыңға жуық адам және 20-дан астан шығармашылық ұжым жалдау бағасының өте жоғары болуына байланысты ғимаратты тастап шығуға мәжбүр болған",- деді прокурор.

Келісімнің шарттары бойынша сарайдың қолданылу бағыты өзгертілмеуге тиіс болатын. Бірақ, соңғы кезде ғимаратта "Валют-Транзит" банкінің филиалы орын тепкен.

Жұртшылық сәулет жәдігері болып табылатын ғимаратты коммуналдық меншікке қайтару туралы мәселені бұрыннан бері көтерген.

Шығымға қатысты тыңдалым жуырда болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны