26.07.2016, 15:42 4729

Қарағандыда заӊсыз есірткі затын иемденіп сақтаған күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты ҚР ҚК 296-бабыныӊ 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды облыстық соттыӊ баспасөз қызметі.

Астана. 26 шілде. Kazakhstan Today. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты ҚР ҚК 296-бабыныӊ 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды облыстық соттыӊ баспасөз қызметі.

Сот талқылауы барысында белгілі болғанындай, күдіктіден өсімдік тектес сұр-жасыл түсті заты бар полиэтилен орама тәркіленген. Сот сараптамасына сәйкес аталмыш заттыӊ жалпы салмағы 53,46 грамм есірткі заты - кептірілген марихуана екені анықталды. Сотталушы ірі мөлшерде есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заӊсыз иемденіп, сақтаған.

Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылды, оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау тағайындалды.

Үкім заӊды күшіне енді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны