08.12.2012, 12:06 2740

Қарағандыда жүргізуші куәлігін беретін мамандандырылған ХҚКО ашылады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы 8 желтоқсанда сағат 10:00-де Қарағанды қаласында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері көрсетілетін тұңғыш мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы болады.

Қарағанды. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағандыда жүргізуші куәлігін беретін мамандандырылған ХҚКО ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы 8 желтоқсанда сағат 10:00-де Қарағанды қаласында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері көрсетілетін тұңғыш мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мамандандырылған ХҚКО-ның техникалық жарақтандырылуы, "Автодром" автоматтандырылған жүйесі, болашақ жүргізушілердің тәжірибелік емтихан тапсыруына арналған автокөліктер ұсынылады. Бұдан өзге жүргізуші куәлігін беру мен автокөлік құралын тіркеу қызметтерінің жаңа нұсқада ұсынылу кезеңдері көрсетіледі.

Икімшілік мәліметтеріне сәйкес, шараға ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев пен ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны