25.09.2006, 18:49 3283

Қарағандылық кеншілер Шахтинск қалалық әкімшілігінің жанында наразылық шарасын одан әрі жалғастырды

ШАХТИНСК. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағандылық кеншілер Шахтинск қалалық әкімшілігінің жанында наразылық шарасын одан әрі жалғастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

20-қыркүйекте жарылыс салдарынан 41 адам опат болған Ленин атындағы шахтада жұмыс істейтін кеншілермен бірге қалалық әкімшілік ғимаратының жанына "Казахстанская" шахтасының кеншілері де келді.

Олар жалақыны көтеру және жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бүгін таңертең Ленин атындағы шахтада істейтін кеншілер екі ауысым алмасатын уақытта 50 адам жер бетіне шықпай қойса, келесі топ жер астына түсуден бас тартты. Келіссөздер барысында облыс басшылығы мен "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ның басшылығы оларды шахтаның апат болмаған бөлігінде жұмысты жалғастыруға көндірді.

"Кеншілердің талабын орындау үшін комиссия құрылады", деген уәде берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны