25.09.2006, 13:59 3101

Қарағандылық кеншілер жалақыны көтеру және жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде наразылық шарасын өткізді

ШАХТИНСК. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін таңертең Ленин атындағы шахтада істейтін кеншілер жалақыны көтеру және жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде наразылық шарасын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Миттал Стил Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қорғау" кәсіподақ комитетінің төрағасы Вячеслав Сидоровтың айтуынша, екі ауысым алмасатын уақытта 50 адам жер бетіне шықпай қойса, келесі топ жер астына түсуден бас тартты.

Оқиға орнына келген Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин, көмір департаментінің атқарушы директоры Григорий Презент пен шахта басшылығы жұмысшылармен кездесіп, оларды шахтаның апат болмаған бөлігінде жұмысты жалғастыруға көндірді.

"Кеншілердің талабын орындау үшін комиссия құру қажет. Ол 27-қыркүйекте құрылып, бұл мәселені қарауға кіріседі",- деді В.Сидоров.

Қазіргі жағдаймен шахтаның алдындағы ереуіл доғарылып, кеншілер жер астына түсе бастады. Ал 50 адам жер бетіне шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны