09.07.2020, 13:47 3870

Карантин шарттары бойынша негізгі месседж

Карантин шарттары бойынша негізгі месседж

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan Today - КАРАНТИН ШАРТТАРЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ МЕССЕДЖ

Алдағы екі аптада бәріміз карантинде отырамыз. Осы 14 күнде туыстарымыздың, жақындарымыздың және өзіміздің денсаулығымыз үшін күш біріктіруіміз керек.

Отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу) үйде де өткізуге тыйым салынатынын есте сақтаңыздар.

Мешіт пен шіркеуге баруды да уақытша тоқтатуға тура келеді.

65 жастан асқан жақыныңыз үйден шықпасын - бұл олардың денсаулығы үшін өте маңызды.

Сауда орталықтары, жаттығу залдары, сұлулық салоны, ойын-сауық және мәдени мекемелердің жұмысына тыйым салынғанын білесіз. Мұның да уақытша шектеу екенін түсінгеніңіз дұрыс.

Өмірге аса қажетті негізгі нысанның бәрі жұмыс істейді: дәріхана мен азық-түлік дүкені, медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша), ХҚКО, банктер мен пошта(шектеулер бар). Тіршілікте өте қажетті заттар, әсіресе, дәрі-дәрмек бар және жетккілікті.

Таза ауада серуендеуге және жаттығуға болады: тек жеке жүріп жаттығыңыз немесе әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, саябақта серуендеуге 3 адамнан артық жиналмаңыз.

Көлік қатынасы:

Аймақаралық авиабағыттардың саны мен авиарейстердің жиілігі артпайды, осы кесте сақталады.

Темір жол жолаушылар тасымалы қысқарады, қаламаңына қатынайтын жолаушылар пойызы (электричкалар) тоқтайды.

Қалааралық автобустар тоқтайды.

Өңірлерге жеке автокөлікпен қатынауға рұқсат етіледі.

Елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктерге де шектеу қойылады.

Үйдегі карантин

Егер сіз COVID-19 шалдыққан адаммен байланыста болсаңыз және ПТР-тест індетті жұқтырғаныңызды көрсетсе, алайда бойыңызда симптом жоқ немесе дегенмен ЖРВИ белгілерін байқасаңыз, үй карантинінде отырып жағдайыңызды қадағалаңыз.

Үйдегі карантиннің мақсаты - CAVID-19 өзгелерге жұқтырудың алдын алу және індеттің таралуын тоқтау.

Симптомдар мен жағдайыңызды қадағалау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің чек-парағын пайдаланыңыз, оны ведомствоның сайтынан табуға болады. Сұрақтар туындаған жағдайда - 1406 бірыңғай байланыс-орталығына қоңырау шалыңыз.

Үйдегі карантин кезінде мүмкіндігінше бөлек бөлмеде отырған дұрыс, сонда бірге тұрып жатқан адамдармен байланыс аз болады, жөтелгенде, түшіргенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз, қолыңызда үнемі орамал, медициналық маска болсын, оларды 2 сағат сайын ауыстырыңыз, қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіңіз, жеке ыдыс пайдаланыңыз, бөлек төсек-орын керек, бөлмені күнде ылғал шүберекпен тазалаңыз, желдетіңіз. Әрине, үйден шықпаңыз.

Үйге ешкім қонаққа келмесін - бұл өте маңызды.

Карантиннің 7-ші күні COVID-19 анықтау үшін ПТР әдісімен (жақын байланыс) зертханалық тексеру жүргізіледі, тест нәтижесі теріс болған жағдайда карантин аяқталады.

Симптомсыз вирус тасымалдаушының өз жағдайын және үйдегілердің де денсаулығын бақылауда ұстау қажет.

Есте сақтаңыз

ПТР тест тек дәрігердің кеңесімен тапсырылады.

Профилактика үшін КТ түсудің қажеті жоқ. Симптомдар мен жағдайыңызға қарап, дәрігеріңіз (қашықтықтан кеңес алуға болады) өкпені КТ түсіру-түсірмеуді шешеді.

Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер ауруханаларға қосымша медициналық аппараттарды сатып алуда, қосымша төсек орындары ашылуда - бүкіл ел қазір ауруды жеңу үшін жұмыс істеуде.

Коронавируспен күреске сіз де қосылыңыз және қарапайым ережелерді орындай отырып, науқас адамдардың өмірін сақтауға көмектесе аласыз.

Күн сайын науқастың чек-парағына денсаулығыңыздағы өзгерістерді белгілеңіз. Жағдайыңыз нашарласа міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз, дәрігер әрі қарай тез шешім қабылдау үшін чек-парақты көрсетіңіз.

Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз! Бұл сөзді дәрігерлер жиі қайталайды, себебі мамандар үшін сіздің денсаулығыңыз маңызды. Дәрі-дәрмекті дәрігер тағайындауы керек.

Ауру көп жағдайда жеңіл немесе симптомсыз түрде өтетінін есте сақтаңыз. Бәрі жақсы болады, босқа даурықпаңыз, өйткені стресс иммунитетке өте зиян.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны