08.02.2007, 16:25 3148

Қарасу ауылының тұрғындары өз үйлері орналасқан жер телімдерінің аукционда сатылып кеткеніне наразылық білдіруде

АЛМАТЫ. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы түбіндегі Қарасу ауылының тұрғындары өз үйлері орналасқан жер телімдерінің аукционда сатылып кеткеніне наразылық білдіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында ауыл тұрғындарының мәлімдегеніндей, олардың бәрінде де Жетісу ауданының әкімі 1998-жылдың шілде және қыркүйек айлары аралығында берген жеке үйлер тұрғызуға жер телімдерін бөлу туралы шешімдері бар. 2005-жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Яков Заяц Қарасу тұрғындарына үйлерді заңдастыруға уәде берген.

АЛМАТЫ. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы түбіндегі Қарасу ауылының тұрғындары өз үйлері орналасқан жер телімдерінің аукционда сатылып кеткеніне наразылық білдіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін өткен баспасөз мәслихатында ауыл тұрғындарының мәлімдегеніндей, олардың бәрінде де Жетісу ауданының әкімі 1998-жылдың шілде және қыркүйек айлары аралығында берген жеке үйлер тұрғызуға жер телімдерін бөлу туралы шешімдері бар. 2005-жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Яков Заяц Қарасу тұрғындарына үйлерді заңдастыруға уәде берген.

Алайда, баспасөз мәслихатына қатысушылардың хабарлауынша, 2006-жылдың маусым айында қала өкіметі "Сұлтан Қорған" базарының солтүстігінде орналасқан жер телімдерін аукционда сатып жіберген. "Аукционның қорытындысы бойынша 1999-2002-жылдар аралығында 21 үй салынған жер телімдері сатылған",- деді құқық қорғаушы Саян Мейірбеков. Баспасөз мәслихатына қатысушылардың хабарлауынша, аукционда "Абажур" атты ЖШС жеңіске жеткен. Бұл серіктестік жерді босатуды талап етіп сотқа шағым жолдапты.

С.Мейірбековтың айтуынша, бұзылатын үйлердің тұрғындары тек "Абажур" ЖШС ғана емес, сонымен бірге Алматы қалалық әкімшілігі мен жер қатынастары басқармасының үстінен де қарсы шағым түсірді". "Сонымен бірге адамдар бұл процеске үшінші жақ ретінде Жетісу аудандық әкімшілігін де тартып, олардың сотта рұқсатты қалай бергенін айтып беруін сұрап отыр", деді құқық қорғаушы.

С.Мейірбековтың пайымдауынша, "Абажур" ЖШС - риэлторлық компания, сол себепті жер телімдері одан әрі сатылады.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, олардың үйлері тұрған жерде сауда кәсіпорнын салу межеленген. "Жоспар жобасына сәйкес, осы жер телімдерінде сауда-коммуналдық нысандарды салу көзделген",- деді ауыл тұрғыны Халима Ишімова. Ол жер қатынастары басқармасынан берген мәліметтерге сілтеме жасайды.

Қарасу ауылының тұрғындары қала басшылығы қаланың аясындағы басқа жерден жер телімдерін беріп, салынған үйлер үшін өтемақы төлеген жағдайда ғана өз үйлерін босатуға келіспекші. Олай болмаған жағдайда олар өз құқықтары үшін күресетін болады. "Шаңырақтың" ащы тәжірибесін білетін біз қарап қалмауға уәде береміз",- деп мәлімдеді олар.

Бұзылатын үйлердің тұрғындарын көршілері де қолдап отыр. Қарасу ауылында тұратын 500 дей отбасы да өз меншіктері үшін алаңдаулы. "Біз барлық құжаттарды жинап, мүлікті заңдастыруға арыз бердік. Бірақ одан бас тартуы да ықтимал",- деді Х.Ишімова. Оның айтуынша, жер қатынастары басқармасы одан тіпті қазір де бас тартқан.

ЖШС-тің Қарасу ауылының тұрғындарына қарсы шағымы бойынша алғашқы сот мәжілісі 12-ақпанға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны