22.06.2015, 18:25 3740

"Қауіпсіз жол" шарасыныӊ үш күнінде 1475 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген

Ағымдағы жылдыӊ маусым айыныӊ 19-22 күндері аралығында облыс көлемінде көлік жолдарындағы тәртіпті күшейту, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып жол-көлік оқиғаларыныӊ алдын алуға бағытталған "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ маусым айыныӊ 19-22 күндері аралығында облыс көлемінде көлік жолдарындағы тәртіпті күшейту, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып жол-көлік оқиғаларыныӊ алдын алуға бағытталған "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларыныӊ артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын өткізу жоспарланған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жүргізілген рейдтік жұмыстардыӊ 3 күнінде көлік жүргізушілерімен орын алған 1475 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оныӊ 31-і - көлік құралын мас күйінде басқару дерегі бойынша, 271-і - көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiӊ телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша, 197-сі - көлiк жүргiзушiлерінiӊ белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша, 386-і - қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқару дерегі бойынша заӊ бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілерімен 103 құқық бұзушылықтар орын алған. Аталған деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар көрілді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны