14.11.2012, 16:08 2614

"ҚазАгро" 10 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін 256 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда

Еліміздің әр түрлі аймақтарында тұрғызылған бұл нысандардың құрылысын агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру аясында "ҚазАгро" ұлттық холдингінің еншілес компаниясы "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландырған.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда жиынтық қуаты 13 мың тоннадан асатын үш ірі көкөніс қоймасы іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі "ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Еліміздің әр түрлі аймақтарында тұрғызылған бұл нысандардың құрылысын агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру аясында "ҚазАгро" ұлттық холдингінің еншілес компаниясы "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландырған.

Олар: Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында 1 132 тонна картоп сақтауға арналған "Злиха" ЖШС көкөніс қоймасы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалпы қуаты 5 880 тонна әр түрлі жеміс-көкөніс дақылдарын сақтауға арналған "Астана-приоритет" ЖШС-нің 12-секциялы көкөніс қоймасы, сондай-ақ, Алматы облысындағы жалпы қуаты 6 000 тонналық "Еңбек-1" ЖШС көкөніс қоймасы.

Бүгінгі таңда үш көкөніс қоймасы да отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өсіріп шығарған өнімдерімен толық қамтылған.

14 инвестициялық бағыт аясында "ҚазАгроҚаржы" компаниясы қазіргі кезде жиынтық сыйымдылығы 100 мың тоннаға жуық көкөніс қоймасының құрылысын белсенді түрде қаржыландыру үстінде. Бүгінгі таңда компания жалпы құны 8,5 млрд. теңгеге 20 жобаны қаржыландырды. Осы нысандардың бәрі де өздерінің қуаты жағынан да, құрылма үлгісі жағынан да әр түрлі. Дегенмен, олардың бастарын біріктіретін бір нәрсе - ол қазіргі заманғы технология бойынша салынғандығы әрі көкөністердің сапасын 9-10 айға дейін сақтауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялы жабдықтар орнатылғандығы. Қазіргі кезде "ҚазАгроҚаржы" мақұлдаған жобалардың ішінен жалпы сақтау қуаты жылына 67 732 тонна өнімге арналған 13 қазіргі заман жеміс-көкөніс қоймасы ендігі іске қосылып, ойдағыдай жұмыс істеп жатыр", - деліген компания ақпаратында.

Жалпы, "ҚазАгро" ұлттық холдингтің компаниялар тобының инвестициялық қоржынында құны 197,3 млрд. теңгеге 256 инвестициялық жоба бар. Бұл жобалардың іске асырылуы мен іске қосылуы 10 мыңнан артық жұмыс орнын құруды көздейді. Қазір жалпы құны 11,8 млрд. теңге және жиынтық біржолғы сақтау сыйымдылығы 116,4 мың тонналық көкөніс қоймаларын құру бойынша 26 жоба мақұлданды. Бұл қоймалардың іске қосылуы сақтау қуаттарына деген тапшылықты 39 пайызға төмендетуге мүмкіндік беретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны