11.02.2015, 21:39 4025

"ҚазАгро" ұлттық холдингі банктерден егістікті қаржыландыруға өтінімдер қабылдауды тоқтатады

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бөлінген сомаға өтінімдер көлемініӊ артуына байланысты бюджеттік несие қаражаты есебінен 2015 жылы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсаты үшін қорландыруға екінші деӊгейлі банктерден өтінімдер қабылдауды тоқтататыны туралы хабарлайды. Өтініштерді қабылдаудыӊ соӊғы күні - 2015 жылғы 13 ақпан

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бөлінген сомаға өтінімдер көлемініӊ артуына байланысты бюджеттік несие қаражаты есебінен 2015 жылы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсаты үшін қорландыруға екінші деӊгейлі банктерден өтінімдер қабылдауды тоқтататыны туралы хабарлайды. Өтініштерді қабылдаудыӊ соӊғы күні - 2015 жылғы 13 ақпан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингіне 60 млрд. теӊге көлеміндегі бюджеттік несие қаражатын бөлу жоспарланғаны жайлы еске сала кетеміз.

Бүгінгі таӊда жалпы 86,9 млрд.теӊге сомасына екінші деӊгейлі 10 банктен өтінімдер қабылданды.

2014 жылы 20 млрд.теӊге көлеміндегі ЕДБ егістік науқанын қолдауға бөлінген қаржы қаражаты бойынша игеру мен қайтару 100%-ды құрады.

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны