21.01.2015, 10:55 4279

"Қазагромаркетинг" АҚ агроөнеркәсіп кешені субъектілері несиелерініӊ/лизингтерініӊ шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады

Субсидиялауға номиналды жылдық сыйақы мөлшерлемесі теӊгемен 14%-дан және шетелдік валютамен 10%-дан аспайтын несиелер мен лизингтер жатады.

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ қаржы институттарынан агроөнеркәсіп кешені субъектілері несиелерініӊ/лизингтерініӊ шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтінімдер мен құжаттарды қабылдайтынын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Субсидиялау Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында жүргізіледі.

Субсидиялауға номиналды жылдық сыйақы мөлшерлемесі теӊгемен 14%-дан және шетелдік валютамен 10%-дан аспайтын несиелер мен лизингтер жатады.

Бағдарламаныӊ шарттарына сәйкес айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінетін несиелер және технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға берілетін лизингтер бойынша сыйақыныӊ жылдық мөлшерлемелері несие теӊгемен алынған жағдайда 7%-ға және несие шетелдік валютамен алынған жағдайда 5%-ға төмендетіледі.

Мал шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жемшөппен қамтамсыз ететін мамандандырылған ұйымдардыӊ және мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша несие теӊгемен алынған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-ға және несие шетелдік валютамен алынған жағдайда жылдық 7%-ға төмендетіледі.

Бағдарламаға қатысқысы келетін барлық қарыз алушылар екінші деӊгейлі банктер мен несие алған лизингілік компанияларға барулары қажет.

Субсидия берудіӊ толық шарттары, тапсырылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді және шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрініӊ 2014 жылдыӊ 25 қарашасындағы №9-1/613 "Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтыӊ және ауыл шаруашылығы техникасыныӊ лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген.

Бағдарлама аясында қызмет көрсету үшін (қаржы институттарынан құжаттар қабылдау, құжаттардыӊ мониторингісін жүргізу және қарыз алушыныӊ қағида талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындау, субсидияланған несие шарттарыныӊ мониторингісі) оператор ретінде "Казагромаркетинг" АҚ анықталды.

Оператордыӊ мекенжайы: Астана қаласы, Ақбұлақ-3 шағын ауданы, Дарабоз көшесі, 25-үй, тел. 58-01-85, факс 58-01-80.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ Call-орталығы 8 800 080 70 80 (Қазақстан бойынша қоӊырау шалу тегін).

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны