04.08.2017, 19:17 4144

Қазақ анимациясыныӊ 50 жылдығына орай "Қазақфильм" байқау жариялайды

Байқау "Мен жақсы көретін қазақ мультфильмі" және "Меніӊ қиялымдағы кейіпкер" атты екі номинациядан тұрады. Бірінші номинацияда қатысушылар қазақ анимациялық мультфильмдерініӊ желісінде салынған суреттерін немесе комикстерін жібере алады. Екінші номинация бойынша қатысушылардыӊ өз қиялынан туған, ертегі, аӊыз-әӊгіме мен мифтік кейіпкерлері бейнелеген шығармашылық жұмыстары қабылданады.

Алматы. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы және "Жас өркен" серіктестігіне кіретін "Ұлан", "Дружные ребята" газеттері мен "Балдырған", "Ақ желкен" журналдары бірлесе отырып, қазақ анимациясыныӊ 50 жылдығына орай жас суретшілер арасында "Меніӊ сүйікті мультфильмім" атты шығармашылық байқауын өткізеді.

- Үстіміздегі жыл қазақ анимациясы үшін айтулы жыл. Осыдан 50 жыл бұрын, 1967 жылдыӊ күзінде қазақ анимациясыныӊ алғашқы мультфильмі - "Қарлығаштыӊ құйрығы неге айыр?" көрерменге ұсынылған болатын. Біз қазақ анимациясыныӊ негізін қалаушылардыӊ қалдырған мұрасына құрметпен қараймыз. Бүгінде "Қазақфильм" заманауи технологияларды қолдана отырып, толықметрлі анимациялық фильмдерді өндіруде. Олардыӊ бірқатары халықаралық фестивальдерден жүлделі орындарды иеленіп отыр. Бұл байқауды қазақ анимациясын еліміздіӊ балалары арасында насихаттау мақсатында жасап отырмыз - деді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ президенті Бақыт Қайырбеков.

Байқау "Мен жақсы көретін қазақ мультфильмі" және "Меніӊ қиялымдағы кейіпкер" атты екі номинациядан тұрады. Бірінші номинацияда қатысушылар қазақ анимациялық мультфильмдерініӊ желісінде салынған суреттерін немесе комикстерін жібере алады. Екінші номинация бойынша қатысушылардыӊ өз қиялынан туған, ертегі, аӊыз-әӊгіме мен мифтік кейіпкерлері бейнелеген шығармашылық жұмыстары қабылданады. Барлық суреттерді салуда жанр бойынша еркіндік беріледі.

Ескерту: Шетелдік мультфильмдер мен кейіпкерлері негізінде салынған суреттер қабылданбайды. Тек қана қазақ анимациясына қатысты болуы тиіс.

Байқауға еліміздіӊ барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Биылғы мектеп түлектері мен колледж студенттері қатыса алмайды. Жұмыстардыӊ сканерлік нұсқасын "Ұлан" газетініӊ [email protected] электронды поштасына, сонымен қатар, Қазпошта арқылы редакцияға (Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 175 үй, 401, 409, 322-кабинеттер. Мекен-жай туралы толық ақпарат газеттіӊ соӊғы бетінде) жіберуге болады. Суреттермен қоса, қатысушыныӊ аты-жөні, мектебі, мекен-жайы, телефон нөмірі толық көрсетілуі тиіс.

Келіп түскен барлық суреттер сол сәтте "Жас өркен" порталында (zhasorken.kz) жарық көреді. Жұмыстар 2017 жылдыӊ 15 қазанына дейін қабылданып, 24 қазан күні шығатын "Ұлан" газетінде қорытындысы жарияланады. Сонымен қатар, үздік жұмыстар "Ақ желкен", "Балдырған" журналдары мен "Ұлан", "Дружные ребята" газеттерінде жарық көреді.

Жұмыстарды "Қазақфильм" АҚ Анимация бөлімініӊ мамандары бағалайды. Жеӊімпаздарға планшеттер мен ынталандыру иелеріне сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылады.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны