13.12.2006, 14:13 3238

Қазақ тілін дамыту саясаты Қазақстанның байырғы емес тұрғындары өкілдерінің құқығын бұзбай жүзеге асырылуға тиіс - Елбасы

АСТАНА. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақ тілін дамыту саясаты Қазақстанның байырғы емес тұрғындары өкілдерінің құқығын бұзбай жүзеге асырылуға тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өз беттерімен қазақ тілін меңгеріп алған қазақ ұлтына жатпайтын жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесуде атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Іс қағаздарын жаппай қазақ тіліне аударуда басқа ұлт өкілдерінің құқығын сақтау қажет",- деді президент.

АСТАНА. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақ тілін дамыту саясаты Қазақстанның байырғы емес тұрғындары өкілдерінің құқығын бұзбай жүзеге асырылуға тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өз беттерімен қазақ тілін меңгеріп алған қазақ ұлтына жатпайтын жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесуде атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Іс қағаздарын жаппай қазақ тіліне аударуда басқа ұлт өкілдерінің құқығын сақтау қажет",- деді президент.

"Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру секілді шараларды бір жақты ұғынуға болмайды. Іс қағаздары қазақ тіліне көшіріледі деген сөз құжат айналымы екі тілде - орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі дегенді білдіреді",- деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің 20 процентке жуығы - қазақ емес ұлттардың өкілдері. Олардың басым бөлігі, президенттің айтуынша, мемлекеттік тілді жеттік меңгерген.

"Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда тұратын 6 млн. азшыл ұлттар өкілдерінің 1,5 миллионға жуығы қазақ тілін біледі",- деді президент.

Н.Назарбаев келесі жылға арналған бюджетте мемлекеттік тілді дамытуға 2 млрд. 700 млн. теңге қарастырылғанын еске сала кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны