19.01.2018, 17:58 6690

"Қазақфильм" толықметрлі анимациялық мультфильмніӊ трейлерін жариялады

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Мұзбалақ" атты толықметрлі көркем анимациялық фильмніӊ трейлерін жариялады. Бүркіт пен адамныӊ достығы туралы баяндайтын бұл мультфильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша түсірілген.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Мұзбалақ" атты толықметрлі көркем анимациялық фильмніӊ трейлерін жариялады. Бүркіт пен адамныӊ достығы туралы баяндайтын бұл мультфильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша түсірілген. Фильмді режиссер-аниматор - Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы жасап шыққан.

Екі жыл көлемінде жасалған бұл фильмде 40-қа жуық кинематографияныӊ осы жанрында еӊбек етіп жүрген отандық мамандар істеген. Ұзақтығы 65 минут құрайтын мультфильм 2D және 3D форматында жасалған және әр секундында 24-25 кадр сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Төлебаев Ерғали Дүйсенұлы, Алма Иділқызы есімді театр және кино актерлері қатысқан.

Біз осы "Мұзбалақты" жасаудан бұрын "Тастүлек" атты қысқа метрлі анимациялық фильмді аяқтаған кезіміз, "Қазақфильмге" Бақыт Ғафуұлы басшы болып келген болатын. Ол кісі анимация бөліміне келіп біздіӊ "Тастүлек" анимациялық фильмімізді көріп, ұнатып, көӊілінен өткеннен кейін, осы фильмді ары қарай толықметражды етіп жасауды тапсырып, қолдайтынын айтты. Содан бастап осы тақырып негізінде жаӊа толықметражды "Мұзбалақ" мультфильмініӊ сценарйын жаздық, жаӊа кейіпкерлерді қостық және экшн жанрында түсіреміз деп шештік. Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен осы мультфильмді жасап шықтық, - деді Тілек Төлеуғазы.

Авторлар "Мұзбалақ" атты анимациялық фильмі арқылы тарих қойнауына еніп, жоғалып бара жатқан, қазақтыӊ ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениетін көрсету арқылы, адаммен бүркіт арасындағы сенім негізіне құралған достықты жас ұрпақ санасына сіӊіруді көздейді.

Бес жасар бүркітті қазақ Мұзбалақ дейді. Қазақ бұл тәкаппар құсқа жас ерекшелігіне қарай ат қояды. Біз аӊға шықпасақ та, аӊшылардыӊ әӊгімесін тыӊдап өстік. Үлкендермен еріп, аӊды қалай тұзаққа түсіруге болатынын да шет жағалап көзімізбен көрдік. Қыранды қалай қондырып, тұғырына қалай отырғызу қажеттігін, атты қалай баптап, қалай жарататынын, құсты қалай қолға ұстауға болатынын біздей ешкім білмесі анық, - деді Тұрдыбек Майдан.

Естеріӊізге сала кетейік, киностудия 2017 жылы екі толықметрлі анимациялық фильмді өндірді. Соныӊ бірі "Мұзбалақ" болса, екіншісі режиссер Адай Ибілданыӊ тарихи тұлға, қолбасшы Күлтегін туралы картинасы. Аталған фильмдер толыққанды аяқталған және прокаты мен тұсаукесері үстіміздегі жылдыӊ көктеміне жоспарланған.

Аннотация:

Ерте заманда адамдар кесірінен жер астындағы айдаһарға айналап келе жатқан абжылан оянып, жер бетіне шығып, маӊайын жалмап, қазақ ауылына үлкен апат әкеліп, үрей туғызады. Ол ауылды отқа орап, қарсы келгенді жалмап келе жатқанда, бір қыран бүркіт балапанын қорғап, онымен айқасады. Ақыры абжылан қайта жер астына қашып жоқ болады. Ал қыран отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен абжылан күн тұтылып, өзініӊ айдаһарға айналар сәтін асыға күтеді...

Анықтамалық ақпарат:

Атауы: "Мұзбалақ"

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Жанры: толықметрлі анимациялық фильм

Тілі: қазақ

Қоюшы-режиссерлері: Тілек Төлеуғазы және Тұрдыбек Майдан

Сценарий авторлары: Ербол Бораншы, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы, Адай Ибілда

Қоюшы суретшілері: Адай Ибілда, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы

Композиторы: Исет Даненов

Монтаж: Тілек Төлеуғазы

Фильм директоры: Ербол Бораншы

Дыбыс режиссері: Жеӊіс Екпін

Редакторлар: Жамаш Ержанат, Салтанат Дүнгенбаева

Мәтін редакторы: Болат Жетекбай

Дыбыстарды жазған: Сергей Фигнер

Дыбыс үйлестіруші:Виталий Ткаченко

Қоюшы-режиссерлердіӊ фильмографиясы:

Тұрдыбек Майдан

1999-2001 ж. Қытайдыӊ Шәндұӊ өлкесіндегі Хызы қаласында көркем сурет колледжын оқыған. 2005-2010 ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында "Анимация режиссурасы" мамандығын бітірген.

Фильмографиясы:

"Илін білмеген" - 2008(4 минут)

"Ақ қаз" - 2010(10 минут)

"Тастүлек" - 2014( 23 минут)

"Бақыт жолында" - 2015(12 минут)

"Мұзбалақ" - 2017(65 минут)

Тілек Төлеуғазы

2006 - 2011 ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын да "Анимация режиссурасы" мамандыған бітірген.

Фильмографиясы:

"Нүктелер" - 2009 (3 минут)

"Бөгде" - 2010 (6 минут)

"Тастүлкк" - 2014 (23 минут)

"Иесі оралған мысық" - 2015 (12 минут)

"Мұзбалақ" - 2017(65 минут)

Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны