25.01.2017, 20:10 5698

"Қазақфильмде" қысқаметрлі жеті фильмніӊ өндірісі аяқталды

Бірлестіктіӊ басты мақсаты жас кинематографистерге сценарий жазудан бастап пост-продакшнге дейінгі өндіріс үрдісімен таныстыру. "Дебют" шығармашылық өндірістік бірлестігі жыл сайын онға жуық жас кинематографистердіӊ кино түсіруіне мүмкіндік береді.

Алматы. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ "Дебют" шығармашылық өндірістік бірлестігінде жеті қысқаметрлі көркем фильмніӊ өндірісі аяқталды,- деп хабарлайды киностудияныӊ баспасөз қызметі.

Биылғы жылы аталмыш бірлестіктіӊ таӊдауы жанры жағынан әр түрлі жеті сценарийге түсті. Олар: "Жетім бұрыш" - Е.Бораншы; "Жесткий тип" - Баймұрат Жұманов; "Миша" - А.Иуелбек; "На грани" - А.Байракимов; "Письмо" - А.Мұсатаев, "Таксист" - Д.Махмұт және "Эль Фриман" - Е.Рақымбеков. Қазіргі уақытта барлық фильмдердіӊ түсірілім жұмыстары аяқталып, монтаждау кезеӊіне өткен. Фильмдер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінінӊ тапсырысы бойынша түсірілген.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Президенті Б.Ғ.Қайырбеков өз мәлімдемесінде: "Қазақфильмніӊ" негізгі мақсаттарыныӊ бірі - жас кинематографистерге қолдау көрсету. Осы орайда,біз жыл сайын алты -жеті жас талапкерлерге тырнақалды фильмдерін түсіруге мүмкіндік береміз. Бұл мүмкіндік тек режиссерлерге ғана емес, сондай-ақ, басқа да жас кино мамандарына беріледі. Қазақ киносыныӊ келешегі осы жастардыӊ қолында, сондықтан да оларға кино өнеріне жол ашу қажет", - деді.

"Қазақфильм" киностудиясында 1959 жылдан бері қысқаметрлі кино түсіру тәжірибесі енгізілген. Кейіннен "Дебют" шығармашылық өндірістік бірлестігі болып ашылған. Содан бері бұл бірлестік талай режиссерлерді елімізге танытты.

Бірлестіктіӊ басты мақсаты жас кинематографистерге сценарий жазудан бастап пост-продакшнге дейінгі өндіріс үрдісімен таныстыру. "Дебют" шығармашылық өндірістік бірлестігі жыл сайын онға жуық жас кинематографистердіӊ кино түсіруіне мүмкіндік береді. "Дебют" ШӨБ жетекшісі Анар Қашағанова осы бірлестікті бірнеше жылдар бойы басқарып келеді.

Жас режиссерлердіӊ сценарийлерін таӊдау үрдісі қалай жүретіні туралы 1988 жылы "Қазақфильмде" өзініӊ тырнақалды "Шілде" атты қысқаметрлі фильмін түсірген режиссер, бірлестіктіӊ көркемдік жетекшісі Дәрежан Өмірбаев былай деді: "Режиссерлерді өндіріске жіберудіӊ алдында қоржынымызға келіп түскен сценарийлерді талқылаймыз. Соныӊ ішінен жақсы дүние шығады дегендерін іріктеп аламыз. Сценарий авторларымен сөйлесіп, олардыӊ дүниетанымымен танысамыз. Осыған дейін түсірген фильмдерін көреміз. Содан кейін, өндіріске жіберу мәселесін қарастырамыз".

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны