16.06.2015, 10:14 3339

Қазақ-қырғыз шекарасында 60 тонна аяқкиім ұсталды

Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан "Сыпатай батыр" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары елімізге үлкен көлемде халық тұтынатын тауарларды заӊсыз түрде алып өтуге тырысқан Қазақстанныӊ 4 азаматын ұстады

Астана. 16 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан "Сыпатай батыр" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары елімізге үлкен көлемде халық тұтынатын тауарларды заӊсыз түрде алып өтуге тырысқан Қазақстанныӊ 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Төрт бірдей "КамАЗ" жүк көлігіне шекаралық бақылау жасау кезінде шекарашылар 60 тонна жүктіӊ жалған құжатпен өткелі тұрғандығын анықтады. Жүктіӊ жалпы бағасы 9 646 000 теӊге болып шықты. Негізінен аяқкиімдер.

Аталған дерек бойынша материалдар Жамбыл облыстық мемлекеттік кіріс департаментініӊ экномикалық тергеулер қызметіне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны